Қарағанды облыстық Дін істері басқармасының тапсырмасы бойынша өткен іс-шаралар аясында РАНТ мүшелері, ҚМДБ-ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Х.Аділбеков пен әйел-қыздар секторының меңгерушісі А.Тілегенова Сәтбаев қаласында бірқатар кездесулер өткізді.
Қаласындағы мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс жасайтын жас мамандармен кездесуге қатысқан РАНТ мүшелері қазіргі таңда маңыздылығын жоғалтпай отырған діннің атын жамылған дәстүрлі емес, жат құндылықтарған қарсы иммунитет қалыптастыру туралы сөз қозғады.
Сонымен қатар, аталған күні Х.Қажымұратұлы Сәтбаев қаласындағы Б.Балқыбайұлы атындағы Орталық мешітінде «Ханафи мазхабының негіздері» тақырыбында жұма намазында уағыз-насихат жүргізді.
ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторының меңгерушісі А.Тілегенова Сәтбаев қаласының әйел жамағатымен, қажы апалармен кездесіп, бас имам Қондыбай Акбаровтың ұйымдастырған дастархан үстінде уағыз-насихат жүргізді. Кездесу барысында қатысушыларға сыйлықтар таратылды.
Пікірлер