Бүгін Ақтөбе облысының өкіл имамы Төлеби Оспан «Нұр Мүбәрак» университетінде оқып жатқан Ақтөбелік студенттермен кездесіп, сұхбат құрды. Кездесуде студенттердің оқу ақысын өтеу, ортақ келісімшарт жасау мәселелері сөз болды. Өткен жылы өңір имамдары 860 000 теңгеге 4 студенттің оқу ақысын төлеп берген болатын.
Өкіл имам жастарды өңірге діни қызметке шақырып, жас мамандарға қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, діни қызметтің жауапкершілігі, білім үйренудің артықшылығы туралы сөз етті. Ақтөбе өңірінің тумасы, университет проректоры Қайрат Құрманбаев та жерлестерін жігерлендірді. Елге қызметті туған жерден бастау, ілімнің зекетін беру, еңбекте табанды болу жайлы ағалық ақыл-кеңестерін айтты.
Биыл «Нұр Мүбәракта» оқитын студенттердің 9-ы оқуын бітіреді деп күтілуде. Ал жалпы алғанда, университет түлектерінің ішінде 18 маман бүгінде Ақтөбеде діни қызмет етуде.
Пікірлер