Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)
13 қараша, 2018 жыл 111 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына жасаған сапары аясында өңірдегі дін қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жуырда Жамбыл облысында өткен электронды аттестация қорытындысын жариялады. Жақсы, өте жақсы нәтиже көрсеткен имамдарға алғысын жеткізді.

«Расында, біз, барша дін қызметкерлері жауапкершілігі жоғары заманда өмір сүріп отырмыз. Асыл дініміздің аманаты бізге жүктелген соң діни саладағы қызметімізге аса жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Ол үшін ең әуелі жан-жақты білім алып, кәсіби біліктілігімізді арттыруымыз керек.
ХХІ ғасыр – білім мен технологияның заманы. Біз замана ағымының бұл үдерісінен әсте қалмауымыз тиіс. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Үздік 500 зияткер имам» жобасын қолға алған болатын. Осы жобаға Жамбыл облысының үздік имамдары да қатысуы тиіс», – деп атап өтті Бас мүфти.

ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораздың дін қызметкерлеріне арналған тағылымды дәрісіне жергілікті 500-ден астам имам қатысты.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары