
Әбу Ханифа медресе колледжіне Алматы қаласындағы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Кикимов Нұрлан Медсантұлы және бөлім басшысы Көшеке Ерғали Ақылбекұлы келді.
Медресе директоры Құлмұхаммед Пірманұлы шәкірттерге Дін істері жөніндегі басқармасының өкілдерімен кездесудің маңыздылығын түсіндіріп берді.
Кездесу барысында Ерғали Ақылбекұлы:
« Дін істері жөніндегі басқармасының құзіреттілігі бірнеше пункттерді қамтиды. Олар : 1) Өңірдегі діни ахуалды зерттейді және оған талдау жасайды. 2) Жергілікті деңгейде діни экстримизм терроризм және дін саласы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 3) Діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге діни бағыттағы сатылатын материалдар сататын орындар басқармамен келісіліп белгіленеді. 4) Ғибадат үйлерді салу және олардың орналасу жерін айқындау жайлы шешімдер қабылдайды. 5) Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуге алу жұмысы жүргізіледі»,-деп шолу жасап өтті.
Ал Нұрлан Медсантұлы әлеуметтік желідегі діни экстримизм-терроризмнің қауіпті екендігін айтып, шәкірттерді осы мәселеде сақ болуға шақырды. Сонымен қатар шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Пікірлер