Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ "ҚОРДАЙ МЕДРЕСЕСІНІҢ" РЕСМИ АШЫЛУ РƏСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ (ВИДЕО+ФОТО)
12 қараша, 2018 жыл 131 Басып шығару нұсқасы
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысында "Қордай медресесінің" салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
 
Игі шарада жергілікті жамағатты құттықтаған ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы:
 
"Аллаға шүкір, еліміздегі ұлтаралық, дінаралық татулықтың нәтижесінде сəулеті көркем зəулім мешіт пен медреселер бой көтеруде. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жастарымыздың дəстүрлі діни білім алуына барынша мүмкіндік жасауда. Бұл бағытта көптеген жобалар жүзеге асуда. Соның бірі - медреселер мен қарилар орталығын ашу. Өздеріңіз білесіздер, Алматыдағы "Нұр Мүбəрак" университетінде жоғары діни білім алуға толық мүмкіндік  бар. Алла Тағала Құран жаттаған пендесінің абыройын екі дүниеде арттырып қояды. Осы медреседе тəлім алған шəкірттер еліміздің рухани дамуына үлес қоса берсін", - деп атап өтті.
 
Өз кезегінде сөз алған Жамбыл облыстық Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров ауыл тұрғындарын медресенің ашылуымен құттықтап, жамағатты өз еліміздің діни оқу орындарында білім алуға шақырды.
 
Айта кетейік, Қордай ауданы Масанчи ауылында ресми түрде ашылған медреседе 100-ге жуық шəкірт тəлім алуда. Медресенің негізгі қызметі - қари даярлау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары