Қызылорда облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен қалалық «Мүсірәлі Ата» мешітінде «Ғаламға шуақ шашқан – Рахым нұры» тақырыбында рухани кеш өтті.
Пайғамбарымыз (ﷺ) дүниеге келген Рабиул-әууәл айының құрметіне орай ұйымдастырылған шараның қадірлі қонақтары - облыстағы сектор жетекшісі Л.Сыдықова бастаған ұстаздар қауымы және мешіт жамағаты.
Кеш барысында қазақ тілінде Мәуліт жыры оқылып, Алла елшісіне (ﷺ) салауат айтылды, өнегелі оқиғаларға негізделген қойылымдар қойылып, сахабалар өмірінен алынған ғибратты уағыздар тыңдалды. Сонымен қатар, жас жеткіншектер Алла Тағаланың 99 көркем есімдерін жарыса ұлықтаса, мешіт жамағаттары хадистерді риуаят етілу жолдарымен қосып жатқа айтудан сайысты.
Кеш соңында «Мүсірәлі Ата» мешітінің бас имамы Б.Арынов қонақтарды құттықтай келе, жамағат арасында хадис айтудан өткен жарыс жеңімпаздарын марапаттады.
Пікірлер