
Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков 9 қараша күні Жаңаөзен қалалық мешітке арнайы барып, шам намазынан кейін жамағатқа «Мұсылманның ниеті мен амалы сай болуы тиіс» тақырыбында уағыз айтты. Шариғатта ниеттің маңызды екені ақиқат. Ниет түзу болмаса, амалдың пайдасы болмайтыны жайында хадисте баяндалған бірнеше ғибратты оқиғаларды келтіріп өтті. Уағыз барысында тақуалыққа аса мән беру керектігіне тоқталды. Жасаған күнәміз үшін Алладан шынайы түрде кешірім сұрап, тәубе ету қажеттігін де айтып өтті.
Өкіл имам құптан намазын жамағатпен оқып, намаздан соң еліміз үшін, жамағатымыздың ынтымағы мен бірлігі үшін дұға етті.
Пікірлер