
Кеше өкіл имам Хромтау қалалық №6 гимназия мектебі мен Ақжар ауылында бірнеше кездесулер өткізді. Оқушы, жастармен кездесіп, ақыл мен парасат жөнінде пайдалы насихат айтты.
Ата-ананы құрметтеу, Отанды сүю, дәстүрді танып, тарихқа тағзым ету, оқу-білім үйренуде ықыласты, зейінді болу туралы сөз етті. Бейбіт те мамыражай заманның, уақыт пен денсаулықтың қадірін білуге шақырды. Сондай-ақ, бүгінде теріс ағымнан сақтану үшін діни сауатты болудың маңызы айтылды. Жастар сауал жолдады.
Өкіл имам мектеп-гимназияның кітапханасымен танысып, мұғалімдерімен сұхбаттасты.
Пікірлер