
Республикалық ақпарат-насихат тобының мүшесі, Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің Бас имамы Қабылбек Жұмабеков Сыр еліне арнайы іс-сапармен келді.
Сыр өңіріне арнайы шақыртылған ұстаздың алғашқы кездесуі Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде өтті. Құптан намазынан кейін өткен кездесуде «Ислам дінінің ерекшеліктері» тақырыбы аясында жамағатқа уағыз айтып, соңында сұрақтарына жауап берілді.
Бұдан кейін, 7-қараша күні, сапары Жалағаш ауданында жалғасын тапты. Сапар барысында Қабылбек Әліпбайұлы ауыл әкімдері, тұрғындарымен және жергілікті дін қызметкерлерімен кездесіп, сұхбат құрды.
Сапар кестесі бойынша Қызылорда қалалық «Мүсірәлі Ата», «Нұр», «Ақмешіт-Сырдария» мешіттерінде жамағатпен кездесуі және «Достық Үйінде» жергілікті имамдардың, теологтардың қатысуымен семинар өткізілуі жоспарлануда.
Пікірлер