
Үстіміздегі жылдың 2-3 қараша күндері Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Жұмабаев Данияр, мешіт бас имамы Жұмағұл Қанат және мешіт ұстаздарының ұйымдастыруымен облысымызда алғаш рет әйелдер-қыздар арасында 3 аталым (номинация) бойынша Құран жарысы өтті.
Әділқазылар – Д.Әлимұхаммедұлы, Қ.Әділханұлы, Қ.Бекжігітұлы, Ж.Болатбекқызы және Г.Серікқызы жарыскерлердің дайындығын тексеріп, бағаларын берулері нәтижесінде 3 аталым бойынша І, ІІ және ІІІ орындарды иемденген 9 қатысушы оқ бойы озып шықты.
Сайыстың «Құранды мәнерлеп, бетінен оқу» аталымы бойынша 19 үміткер сайысқа түсіп, алғашқы 3 орын анықталды:
3- орын - Д.Қалдыбекова,
2- орын - Ә.Елеусинова,
1 - орын - З.Сүлейменова иеленді.
«Құранның жарты парасын жатқа оқу» аталымы бойынша 23 қыз сынға түсіп:
3- орын - Р.Әлимұхаммед,
2- орын - Ш.Тымбаева,
1- орын - Н.Шадиярқызы алды.
«Құранның І парасын жатқа оқу» аталымы бойынша 10 қыз сынға түсіп,
3- орын - Ә.Бейсеналы,
2- орын- М.Танысбаева алса,
1- орын - Л.Әлжан қазылардың ортақ шешімі бойынша лайықты деп танылып, 150 000 теңге сыйақыға кенелді.
Пікірлер