Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ: ҰРПАҚ САНАСЫНА ОБАЛ МЕН САУАПТЫ СІҢІРУ КЕРЕК
06 қараша, 2018 жыл 141 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз балалар мен жасөспірімдердің республикалық «Ақ желкен» журналына берген сұхбатында ұрпақ тәрбиесіне қатысты ұлтымыздың танымы мен түсінігі жайлы ойларымен бөлісті.

«Біздің ұлтымыз өскелең ұрпақтың жадына «обал болады» немесе «сауап болады» деген ұғымды сіңірген. «Обал болады» мен «сауап болады»-ның түпкі мәні тереңде. Нан қиқымын шашу – обал болады. Біреудің ала жібін аттау – обал болады. Өзгенің хақысын жеу – обал болады. Қарияға құрмет – сауап болады. Жабырқаған жанның жүрегіне үміт сыйлау – сауап болады. Міне, қарап отырсаңыз осының бәрі отбасыдан басталатын тәрбие негіздері.
Біз сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан халқымыздың осындай қасиетті ұғымдарын жастарымыздың санасына сіңіре беруіміз керек», – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары