Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ИСЛАМ – ТҰНЫП ТҰРҒАН ТӘРБИЕ МЕКТЕБІ
06 қараша, 2018 жыл 146 Басып шығару нұсқасы

Серікбай қажы ОРАЗ, Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз балалар мен жасөспірімдердің республикалық «Ақ желкен» журналына берген сұхбатында Ислам дінінің асыл құндылықтары туралы әңгімелеп берді.

«Дін – тұнып тұрған тәрбие мектебі. Сондықтан, жалпы қоғамның даму үдерісінде рухани құндылықтардың қанат жаюының бірден-бір себебі – асыл дініміздің адамзатты имандылыққа үндеп, жақсылыққа жетелейтіндігінде. Оның артықшылығы ішімдік, нашақорлық, жемқорлық секілді адамды қос дүниеде қор ететін теріс қылықтардан, қылмыстан қайтаруында.
Адамның жан-дүниесіне аса қажетті нәрсе руханият екендігін ескеру керек. Өйткені, адам баласы жаратылысынан бастап оның жүрегінде Құдайға деген сенім ұялайды. Осы тұрғыдан айтқанда, қоғамда дінге, иманға деген ықыластың көрініс табуы заңды құбылыс», – деген ойын жеткізді Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары