Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қостанай: 2019 жыл – жастар жылы
06 қараша, 2018 жыл 218 Басып шығару нұсқасы

Қостанай облыстық мешітінде Жастар ісі секторы 5 қазандағы Елбасының Жолдауы бойынша және жастармен 2019 жылға арналған жұмысы жоспарын құру мақсатында жастарымен кездесу өткізді.

Жиында Қостанай облысының өкілі бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы жастарға Елбасының жолдауының маңыздылығы турасында айтып, онда алдағы 2019 жылдың жастарға тікелей қатысты екенін атап өтті.

Отырыста Қостанай облысы бойынша «Жастар ісі секторы» өкілі Әлішер Ертайұлы жастарға 2018 жылы жасалған жұмыстардың қортындысын айтып өтті.

Сонымен қатар алдағы 2019 жылға арналған жұмыс жоспары туралы жастардың ұсыныстары тыңдалып, жоспар құрылды.

Жиын соңында бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы жастардың көкейдегі сұрақтарына жауап беріп, уағыз-насихатын айтып өтті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары