
Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров орталық "Иманғали" мешіті жанынан құрылған "Иман жастары" тобының еріктілерімен кездесті. Елге қызмет ету, айналадағы адамдарға құрметпен қарау, кішіге ізет көрсету хақында уағыз-насихат жүргізген ұстаз Батыржан Берденұлы жастар жамағатына ілім сайысы жобасына қатысуды ұсынды.
"Бірінші кезеңде жастар "Иман негіздері" кітабынан тест тапсырады. Яғни, жастар қарашаның алғашқы он күндігінде сынаққа дайындалады. "Қарашаның он бірі күні орталық "Иманғали" мешітінде Құптан намазынан кейін сынақ алынады. Келесі кезеңге өту балы қырық балл. Жоғарғы көрсеткіш ретінде алпыс балл белгіленіп отыр. Бірінші кезеңнен өткен шәкірт келесі сынаққа жолдама алады. Екінші кезеңде "Нуқая" кітабы бойынша сынақ алынады. Бұл айналымда жастар дәрет және намаз бабы бойынша сынақ тапсырады.
Келесі айналымға кемінде алпыс балл жинаған үміткер ғана өте алады. Үшінші айналымда шәкірттер Құран кітабы бойынша сүрелер жаттап, сынақ тапсырады. Осылайша, үш кезеңнен тұратын сынақтан сүрінбей өткен адам умра қажылығына жолдама алады" деп атап өтті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Берденұлы.
Пікірлер