Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Түркістан облысының өкіл имамы тағайындалды (ФОТО)
03 қараша, 2018 жыл 175 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілі, "Қожа Ахмет Яссауи" мешітіне бас имам болып Мұсабек Ақтамберді тағайындалды.

Жаңа өкілді Түркістан жұртшылығына ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, наиб мүфти Алау Әділбай таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Мұсабек Ақтамберді – ОҚО Түлкібас ауданы, Рысқұл ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. Әскери борышын өтеген. Үйленген, төрт баланың әкесі. 

Еңбек жолын Шымкент қаласындағы  "Қошқар ата" мешітінде бастап, әр жылдары Алматы, Қызылорда қалаларында бас имам қызметтерін атқарған. 2016 жылдан бері ҚМДБ-ның ОҚО өкіл имамымының орынбасарлығымен қатар "Айтбай Ата – Ақмешіт" мешітінің бас имамы қызметінде болды. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары