
Қасиетті жұма күні облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы қазақ күресінен өткен V республикалық турнирдің қола жүлдегері – жерлесіміз М.Исағабыловқа Сыр жұртшылығы атынан алғыс білдірді.
Айта кетейік, Исағабылов Мақсат 28-қазан күні Астана қаласында өткен додада облыс атынан қатысып, 39 палуанның ішінен жүлделі үшінші орынға ие болған еді. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер» демекші, өкіл имам палуанымызға өкілдік тарапынан тағайындалған «алғысын» табыстап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.
Пікірлер