Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
3 МЕЗГІЛ ТЕГІН ТАМАҚТАНДЫРАТЫН АСХАНА АШЫЛДЫ
03 қараша, 2018 жыл 146 Басып шығару нұсқасы

Бүгін шаһардағы Сейфуллин даңғылы, №330, Радищев көшесінің қиылысындағы мекен-жайда аптаның бес күні бойы тегін тамақ беретін асхана ашылды. Әлеуметтік аз қамтылған 100—120 адамды күніне үш мезгіл тамақтандыра алатын асхана «Уақып» деп аталған.

Қазақстан Мұсылмандары діни бас­қар­масына қарасты Алматы қаласы Орта­лық мешіті және қолы ашық, қайырымды азаматтардың ұйытқы болуымен ашылған асхана жыл бойы тегін қызмет етпек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Оң қолың берген садақаны сол қолың білме­сін» дегендей, демеушілер өз аттарының құпия болғанын қалаған.

"Орталық мешітке әлеуметтік аз қамтылған, жағдайы нашар, жалғызбасты аналар, жетімдер, мүсәпірлер, тағдырдың тауқыметімен қиындық көріп жүрген жан­дар келіп тіркеліп, түрлі әлеуметтік көмек алып тұрады. Соның бәрі мешіттің жанын­дағы «Ықылас» қайырымдылық қорына тіркеледі. Міне, асханадан осындай жандар тамақтана алады. Күніне бір кірген адам екінші немесе үшінші рет тамақтануына болады",– деді Орталық мешіттің наиб имамы Ермек Көкірекбаев.

Айта кетсек, асхана қазір 7-8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олар ай сайын өздеріне тиесілі еңбекақысын алады. Әлеу­меттік көмекке шынымен мұқтаж таныс не көршілеріңіз болса, оларға осы мекен-жайды айта жүрсеңіздер болады, – дейді Орталық мешіт қызметкерлері.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары