Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қостанайда «Халал» өнімдердің саны артуда
01 қараша, 2018 жыл 129 Басып шығару нұсқасы

Облысымыздың Жітіқара аудандық «Шер 777» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Шералы  Пазыловқа  ҚМДБ-ның «Халал» сертификаты табыс етілді.

Жітіқара ауданындағы аталмыш кәсіпкердің наубайханасы біраз жылдан бері жұмыс жасап, ұн өнімдерін шығарумен айналысып келеді. Сондай-ақ бұл кәсіп орын күніне 120 тоннаға дейін ұн өндіріп, шетелге өнімдерін тасымалдайды.

Қостанай облысынан жіберілген уәкіл Азамат Мурзаканов арнайы «Шер 777» наубайханасына келіп, ҚМДБ-ның «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің халал өнімдерін стандарттау ұйымының талаптарына толық сай екендігіне көз жеткізіп, оң қорытындысын шығарды.

Жұма намазының уағызынан кейін «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы Мейіржан Бердіғожин жиналған жамағатқа қуанышты хабар айтып, Шералы Пазыловқа ресми түрде «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің халал өнімдерін стандарттау ұйымының «Халал» сертификатын табыстады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары