ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының тапсырмасымен өткен жылы бастауын алған имамдардың білімін жетілдіруге арналған оқыту курсының бүгін 7-шы тобына дәрістер аяқталды. Құрамында 15-ке жуық имам бар 7 топ біліктілігін арттырды.
«Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының қолдауымен өткен 20 күндік оқу семинарына алыс-шалғай ауылдардан 15 имам келіп, білімін шыңдады. Өңірдің өкіл имамынан бастап, білгір ұстаздарынан Құран мен ақида, фиқһ, заң мен этика, халал стандарттау бойынша жан-жақты сусындаған имамдар емтихан тапсырды. Жетісу жеріне жұмыс сапарымен келген ҚМДБ-ның заңгері Сағитжан Даулетияр емтихан соңында имамдарға батасын берді. Білім деген ұлы құндылық жайында сөз еткен өкіл имам сәттілік тілеп, имамдарға арнайы сертификаттар табыстады.
Пікірлер