Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
САНСЫЗБАЙ ҚҰРБАНҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИМАМДАРЫНА ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ
31 қазан, 2018 жыл 154 Басып шығару нұсқасы

Бүгін ҚМБД «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Алматы қаласына қарасты мешіт имамдарына жиналыс өткізді. Жиналысқа Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Ғұламалар Кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре, Бауыржан Әлиұлы, аудан имамдары қатысты.

Аудан имамдары «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісіне Алматы қаласы мешіттеріндегі құлшылық амалдарының орындалуы жайлы баяндап, мешіттерге шариғи үкім немесе пәтуа сұрап келетін жамағаттың негізгі мәселелері жайлы сөз қозғады. 

Шариғи үкімнің, берген пәтуаның жоғары жауапкершілігін ескерткен Сансызбай Құрбанұлы:

«Мешітке келуші жамағаттың мазалаған сұрақтары жауапсыз қалмауы тиіс. Бұл ретте, үкім шығарудың өзіндік реті, тәртібі қатаң ескерілуі қажет. Пәтуа шариғаттың негізгі мақсаттарына, кескін дәлелдерге, бірауыздан келісілген мәселелерге, фиқһи жалпылама қағидаға қайшы келмеуі керек. Қоғамда орын алған өзекті мәселелерге дер кезінде пәтуа беру «Шариғат және пәтуа бөлімі», одан жоғары Ғұламалар Кеңесінің жауапкершілігінде. Сондықтан да, күрделі мәселелерді Кеңестің отырысында талқыланып, шешімі шығарылады» - деп, көпшіліктің көкейіндегі мәселелерге аса мән беруге шақырды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары