Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен "Жомарт жүрек" сыйлығының лауреаттарын салтанатты түрде құттықтау рәсімі өтті. Өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар мәрт кәсіпкерлер мен қайырымдылық ұйымдары марапатталып, оларға "Жомарт жүрек" сыйлығы табысталды. Атап айтсақ, «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Үздік ұйым», «Ерен еріктілігі» үшін номинациясы тағайындалды. Жомарт жүректі азаматтардың қатарында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда белсенді болып, жақсылықта жарысып жүрген Қазақстан Мұсылмандары Діни Бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша Жастар ісі секторына қарасты "Үммет жастары" қоғамдық-қайырымдылық бірлестігі де бар. "Үммет жастары" қайырымдылық ұйымы "Ерен еріктілігі" номинацисын иеленіп, облыс әкімінің арнайы сыйлығы "Үммет жастары" тобын құруда елеулі еңбек атқарған және қайырымдылық шараларына әрдайым қолдау көрсетіп келген Маңғыстау ауылдық "Миғраж" мешітінің бас имамы Руслан Сағынтайұлына табысталды.
Пікірлер