Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет» қоры бірлесіп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Қайырымдылық шарасы барысында тұрмыс жағдай төмен отбасы 100 отбасыға азық-түлік және қаржылай көмек берілді. Атап айтқанда бір қап ұн, 5 кг қант, 10 кг күріш, 10 кг макарон, тұз, шәй, 5 литр өсімдікмайы т.б.
Аталмыш шара барысында өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров пен «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Әзімбаев сөз сөйлеп, асыл дініміз жайлы уағыз, әрбір қиындық соңында еселеп қуаныш болатыны туралы уағыз айтты.
Осы орайда, шараға қолдау көрсетіп жүрген Әшірбай қажы Орашұлының ұрпақтарына Алла разы болсын!
Пікірлер