Бүгін Нұр-Мүбарак университетіне Алматы қаласының бас имамы, Құран хафизі Еркінбек Шоқай мырза арнайы ат басын тіреді. Жаңадан тағайындалған университет басшылығына ізгі тілекпен келген бас имамды проректор, доцент Қайрат Құрманбаев қабылдап, біршама жоспарлар жайлы талқылап өтті. Құрметті қонақты ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди қабылдады. Еліміздегі ең үлкен мегаполистің бас имамы мен қазақ еліндегі қызметіне кіріскеніне көп болмаған профессор Мухаммад аш-Шаххаттың ортақ әңгімесі де көп болды. Негізгі сұхбаттасу университеттің тыныс-тіршілігі, шәкірттердің білімі мен сапасын арттырудан басталып, оқу орны мен Орталық мешіт, Алматы мешіттері арасындағы өзара байланысқа қатысты жалғасты. Себебі университет шәкірттерінің негізгі құрамы өндірістік тәжірибелерін мешіттерде өтетіндіктен, бұл білім сапасын арттыруда аса маңызды.
Өзара сұхбат барысында ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат мырзаға Алматы мешіттерінде жұма хұтбасы алдында уағыз жасауға, университет жанындағы Нұр-Мүбарак оқу-әдістемелік мешітінде аптасына бір күн дәріс өткізуге ұсыныс жасалды:
Кездесу барысында қазақы дәстүрмен естелік сыйкәде табыс етіліп, екі тарап бір-біріне сәттілік тіледі.
Пікірлер