Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодар: Әйелдер арасында Құран жарысы өтті
30 қазан, 2018 жыл 227 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Қарлығаш Қажымәлікқызы мен Екібастұз қалалық мешітінің ұстазы Шадиева Зәуренің  ұйымдастыруымен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде қасиетті Құраннан 10 және  20 сүрені жатқа оқудан, ал 30-шы параны мәнерлеп оқу бойынша «Құран оқу жарысы» ұйымдастырылды. Жарысқа «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің діни сауат ашу курсы шәкірттерінен-12, ал Екібастұз қалалық мешітінен -7 шәкірт, барлығы 19 адам қатысты.

Әр көрсетілім бойынша оза шыққан 3 қатысушыға бағалы сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, 1-ші орынды иеленген Хациева марат, Солтай Дәметкен, Балтабаева Баян және келесі жүлделі орындарды иеленген Ботаева Меруерт, Уақипова Бақытжамал, Берт Гүлнұр, Өміржанова Талшын, Байбекова Замира, Тортаева Назгүл, Жакішева Сандуғаштар өкіл имам атынан марапат хат, бағалы сыйлықтарға ие болды. Ал барлық қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді.

Соңғы жылдары әр жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан  бұл жарыс, алда өз жалғасын таппақ.

Барлығымызға Алла  Тағаланың Кәләмін үйреніп, оны басқаларға  үйретіп, Алла  Тағаланың сыйлықтарын алып, рахымына бөленуді нәсіп етсін!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары