Талдықорған өңірінің өкілі, орталық «Иман» мешітінің бас имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы мен РАНТ мүшесі Алматы қаласы Наурызбай аудандық «Абу Бакир» мешітінің бас имамы Ахметов Мәди Панфилов ауданына арнайы іс сапармен келді.
Шалғай ауылдарды аралап ауыл халқымен кездесіп, білім ошағындағы жастармен жүздесті.
Аудан орталығында жат ағым мүшелері көп шоғырланған аудандық орталық мешіт пен Жаркент қалалық «Елтай» мешітінде «Имандылық жемістері» тақырыбында жұма уағызын айтты.
Үлкенағаш ауыл халқы мен Көктал ауылдық жастары Талдықорған өңірінің өкіл имамы мен РАНТ мүшесіне көкейдегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алып алғыстарын білдірді
Пікірлер