
Жуырда Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен қалалық №80-мектеп-гимназиясының спортзалында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің діни сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттер арасында волейболдан турнир өтті.
Аталмыш турнирге 8 команда, (әр қайсысында 6 спортшы) барлығы 48 спортшының қатысуымен қолдоптан күштерін сынады. 60-қа жуық көрермен белсенді жанкүйер болып, доданы қыздыра түсті.
Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары М.Бектазинов және «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы, Астана қаласы бойынша діни сауат-ашу курсына жауапты имам Нариман Исенов қатарлы құрметті қонақтар қатысып, шара барысында сөз сөйледі.
Сондай-ақ, турнирден жүлделі болған командаларға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітің наиб имамдары Б.Ақжол, С.Хаманұлы, О.Хайридинов және Н.Шамшидин қатарлы имамдар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Пікірлер