Аптаның алғашқы күні Павлодар облысының өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы Екібастұз қаласында болды.
Алдымен жат ағымда жүрген бауырларымызбен кездесіп уағыз-насихат айқан өкіл имам, бесін намазында қалалық мешіт жамағатына уағыз айтты. Намаздан кейін Екібастұз ауданына қарасты ауыл мешіттерінің имамдарымен жиын өткізді.
Жиын барысында көптеген мәселелерге арнайы тоқталып, біршама жоспарлар жолға қойылды.
Жиналыстан кейін ақсақалдармен кездесіп олардың жаназа мәселесіне байланысты қойған сұрақтарына толық жауап беріп, «Жаназа және жерлеу рәсімі» кітабы ҚМДБ-нан бекітілген патуа екендігін түсіндіріп өтті.
Пікірлер