
Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпxанұлы және РАНТ мүшесі Аxметов Мәди Кербұлақ ауданына арнайы іс сапармен келді. Аудан әкімінің орынбасары және ішкі саясат қызметкерлерімен бірге аудан орталығында орналасқан Д. Қонаев атындағы орта мектеп ұстаздары және жоғарғы сынып оқушыларымен «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» атты тағылымы терең, тәрбиесі мол кездесу өткізді. Жиын соңында оқушылар сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алып, алғыстарын білдірді. Кездесуден кейін өкіл имам ауданымызға қарасты ауыл мешіттеріне арнайы ат басын бұрып, мешіттердің және ауыл молдаларының тыныс-тіршілігімен танысты.
Пікірлер