Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбе: Ауыл имамдары қызметтік пәтермен қамтамасыз етілді
29 қазан, 2018 жыл 177 Басып шығару нұсқасы

Ауыл имамдарының әлеуеті артуда. Жуырда Шалқар ауданына қарасты Шілікті және Тоғыз ауылдарына тағайындалған имамдардың тұрғын үй мәселесі шешімін тапты.

Ауданға жұмыс сапарымен барған өкіл имам Төлеби Оспан екі елдімекенге де арнайы ат басын бұрды. Ауылдағы діни ахуалды бағамдап, имамдардың жағдайы, мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Шілікті ауылы әкімі Қазыбеков Құрышбек имамның қызметтік пәтермен қамтылуына ықпал етіп қана қоймай, одан бөлек те көптеген қолдау көрсетілуде. Маманға 10 қой, 1 сиыр беріліп, пәтеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шілікті ауылдық «Нұрпейіс ишан» мешітінің имамы Байғабыл Нұрлы Ақтөбе медресе-колледжінің түлегі. Өкіл имам жас маманмен сұхбаттасып, жұмыс барысында біраз бағыт-бағдар берді, тәжірибеден түйгендерімен бөлісті. Тоғыз ауылдық мешітінің имамы Мырзағалиев Аманбекке де қызметтік пәтер берілді. Игі іске ауыл азаматтары демеушілік етті.

Өкіл имам ауыл тұрғындарымен де кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шілікті ауылдық Мәдениет үйінде бірқатар шараларға қатысты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары