Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қарағандыда республикалық форум өтті (фото)
29 қазан, 2018 жыл 121 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Қарағандыда «Зайырлылық қағидаттарын нығайту-экстремистік идеологияға қарсы іс-қимылдың негізі» тақырыбында республикалық форум өтті. Рухани шара ҚР Қоғамдық даму министрлігінің, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың қолдауымен жүзеге асып отыр.

Форум жұмысы облыстық дін істер басқармасы басшысының төрағалығымен өтті.. Шараға дін саласының сарапшылары, ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен ҚМДБ өкілдері, ҚМДБ аппарат басшысы Ғалымбек Жәдігерұлы Мәжиев, облыстық дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов, ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлы Бекқожа сондай- ақ, мемлекеттік қызметшілер, мұғалімдер, жастар қатысты. Форум барысында деструктивті діни ағымдардың ықпалына бейім азаматтармен ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыға салынды.

ҚМДБ аппарат бөлімінің басшысы Ғалымбек Мәжиев: 

«Дін - адамды Алланың даналыққа құрылған таңғажайып жаратылысынан ғибрат алуға, өмірдегі мақсаты мен міндетін айқындап беретін Құдайға құлшылық етуге тәрбиелейтін ұлы жол. Ислам адамға екі дүниенің қуанышы мен сыйына, бақыты мен берекетіне жетейлін тура жолды көрсетеді,  – дей келе мұндай шаралардың қоғам үшін қажеттілігін алға тартты.

Қатысушылар мемлекеттің зайырлы қағидаттарын нығайту, экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл тақырыбында баяндама жасады. Арнайы қонақ ретінде Астана, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері шақырылған.

Айта кету керек, форум аясында республикалық деңгейдегі семинар-трениг өткізілді. Онда әрбр өңірден келген мамандар дін саласындағы жұмыс тәжірибелерімен алмасты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары