Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ ОТЫРАРДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)
27 қазан, 2018 жыл 274 Басып шығару нұсқасы
 
 
Түркістан облысы Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында мың адам сиятын зәулім мешіт бой көтеріп, оның ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты.
Жаңадан ашылған «Есен ана» мешітінің ашылу салтанатында сөз алған Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы:
 
"Күмбезі ұзақтан көз тартатын мешіттерді қай тұрғыдан алсақ та әр пендеге жақсы ой мен ізгі амалдарды еске салатыны белгілі. Əр пенде мешітке келгенде садақасын салып, денсаулық, отбасына амандық, ел-жұртына тыныштық тілейді, шын жүрегімен езіліп, шүкірлік айтады. Ендеше, жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналсын", - деп ізгі тілегін жеткізіп, жаңадан ашылған мешітке қасиетті  Құранды сыйға берді. 
 
Кезекті сөз барысында аудан əкімі Ерлан Айтаханов жұртшылықты Алла үйінің ашылуымен құттықтап, киелі Отырар жеріне арнайы келген Серікбай қажы Сатыбалдыұлына шынайы алғысын айтты. Аудан әкімі өз сөзінде:
 
"Есен ана" мешітінің ашылуы күндердің сұлтаны болған қасиетті жұмаға тұспа-тұс келуі бекер емес деп ойлаймын.  Имандылық пен ізгілікке есігін айқара ашқан мешіт игі істердің бастамасы болсын", - деген тілегін жеткізді. 
 
Сондай-ақ, шарада ҚР Парламенті мәжілісінің экс-депутаты Өстемір Бектөреев пен зейнеткер Әбілқасым Құлымбетов жаңадан ашылған ізгілік ордасы  ауыл тұрғындарын ғана емес, өсіп келе жатқан жастардың да бойына имандылық нұрын құйып, ел-жұртты бірлікке, татулыққа ұйытсын деген ізгі тілектерін айтып, ақ батасын берді.  Одан соң зәулім мешіттің лентасы қиылып, жамағат сәулеті мен көркі келіскен Алла үйінің қарасаң көз тоятын келбетін тамашалап, сəлем намазын оқыды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары