
Аягөз қалалық мешітінде «Әйел-қыздар» секторы мен «Әжелер мектебі» бірлесе отырып «Отбасы тәрбиесіндегі әжелер мектебінің рөлі» атты тақырыпта семинар өткізді. «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығының ұстазы Әсел Рымғалиқызы «Отбасы құндылығы» атты ғибратты бейнеролик көрсетіп, «Әжелер мектебі» мүшелері «Қазақы тәлім тәрбие», «Келін тәрбиесі – киелі тәрбие», «Әйел бақыты», «Отбасындағы дағдарыс» тақырыбында баяндамалар жасады.
Семинар соңында аналарға алғыс хат пен гүл шоқтары табысталды.
Пікірлер