
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен Ринат Кенжеғалиев Шыңғырлау аудандық мешітінің Бас имамы болып тағайындалды.
ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, Орал орталық мешітінің Бас имамы Еркебұлан Қарақұлов жұма намазында мешіт ұжымы мен жамағатқа жаңа бас имамды таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.
Өкіл имам Еркебұлан Ыбырайымұлы осыған дейін Шыңғырлау аудандық мешітінің бас имамы қызметін атқарып келген Ерденбек Ихсановтың атқарып келген қызметіне құрмет көрсетіп, қазақы салтпен иығына шапан жапты.
Одан кейін облыс имамы Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Темірболатұлының жеке қабылдауында болып, жаңа имамды таныстырды.
Пікірлер