
Бүгін Маңғыстау облысына қарасты Мұнайлы аудандық мешіттердің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Шараға ҚМДБ-ның «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайл Сейтбеков, Маңғыстау ауылдық мешітінде ерікті жастардан тұратын «Үммет жастары» ат салысып әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік таратылды. Жиналған жұртшылыққа ҚМДБ бөлім басшысы Алтынбек Ұтысхан Бас мүфтидің сәлемін жеткізді. Жиын соңында қайырымдылық қорының жұмыс барысымен танысып, алдағы жоспарларын айқындады.
Мұқтаж жандардың қуанышына себепкер болған ұйымдастырушылар, алда бұл игі шара өз жалғасын табатынын жеткізді.
Пікірлер