Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Наиб мүфти Бас мешіт қызметкерлерімен жалпы жиналыс өткізді (ФОТО)
25 қазан, 2018 жыл 143 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымына ҚМДБ Бірінші наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен жалпы жиналыс болып өтті. Жақында ғана Бас мүфти бұйрығымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы және Астана қаласының өкілі болып тағайындалған Наурызбай Тағанұлы мешіт ұжымымен танысып, наиб имамдарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Бас мешітттегі оқу-ағарту, уағыз-насихат, теріс ағымдармен жұмыс және қайырымдылық бағыттары бойынша жауапты қызметкерлер бекітіліп, жұмыс жоспарлары талқыланды. Сондай-ақ, мешіт ішінде жүргізілетін уағыздар тақырыбын да жіті бақылап, көпшілік сұрауына қарай сұрыптап отыру жайы назарға алынды.

Бұған қоса, Наурызбай Тағанұлы қараша айында ҚМДБ жүлдесі үшін қазақша күрестен өтетін V Республикалық турнирді ұйымдастыру жұмыстарына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар беріп, жауапты қызметкерлерді бекітті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары