
Сыр өңірінде "Татуласу орталығы" ашылды. Орталықтың ашылу рәсіміне облыс әкімі орынбасары Р.Рүстемұлы, ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілі Болатбек Ұласқанұлы, облыстық сот төрағасының м.а. Ә.Шигамбаев, соттар әкімшісінің басшысы А.Жұмамұратов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов және орталық басшысы М.Нұржанов қатысып, аталмыш орталықтың қоғамға тигізер пайдасы мол екенін түсіндірді.
Шара барысында қонақтарға орталықтың негізгі функциясы мен жұмыс-жоспары таныстырылды. Сонымен қатар, алдағы уақытта ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі мен орталық арасында меморандум жасалып, бірлесе жұмыс атқаруға уағдаласты.
Пікірлер