Бүгін "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітінде облыстық "Жастар ісі" секторының ұйымдастыруымен "Жаңа бастама - жарқын болашақ" тақырыбында облыс жастарымен кездесу өтті.
Кездесуге ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы, облыстық "Жастар ісі" секторының үйлестірушісі Қ.Отызбаев, сектор жанынан құрылған "Шын жүректен" еріктілер тобының жетекшісі С.Әбіл, облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің директоры Ж.Алдабергенов, "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" Жастар қанаты қалалық филиалының жетекшісі Б.Өткелбаев және де аймақтағы "Жастар ісі" секторының өкіл жетекшілері қатысты.
Елбасы жолдауын талқылаудан бастау алған шарада 2019 жастар жылы атқарылатын іс шаралар жоспарланып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Сонымен бірге, облыстық Жастар ұйымынан келген қонақтар өкілдікпен бірге меморандум жасауға, бірлесе жұмыс атқаруға əзір екендіктерін жеткізді.
Пікірлер