Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Тұңғыш экс-бас мүфти Рәтбек қажы «Һибатулла Тарази» мешітінде
25 қазан, 2018 жыл 272 Басып шығару нұсқасы

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жер жәннаты Жетісу жерінен киелі Тараз өңіріне» атты Алматы облысының Жамбыл облысындағы «Рухани керуен» іс-шарасы өтіп жатыр.  

Рухани  кездесуге қазақтың тұңғыш экс-бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы арнайы қатысқан болатын.  

Еліміздегі мұсылмандар діни басқармасының құрылуына мұрындық болып, діни ахуалдың жақсаруына бір кісідей атсалысқан бұрығы бас мүфти Рəтбек қажы Нысанбайұлының еліміз үшін жасаған еңбегі орасан зор. Діни басқарманы ұзақ жыл басқарып, еліміздің дін саласында талай істер атқарғансол ұлы тұлға, Рәтбек қажы Нысанбайұлы бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде қонақта болып, мешіт жамағатымен, медресе шәкірттерімен кездесті. Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің мәдениеттану және дінтану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы Бейсенов Бағдат Қабдолдаұлы да мешітіміздің құрметті қонағы болып қайтты.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы Рәтбек қажыны күтіп алып, мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Мешітке жиналған қауыммен Рәтбек қажы Нысанбайұлы тұшымды сұхбаттасып, келелі әңгімесімен, жағымды уағызымен бөлісті. Мешіт басшылығына, медресе шәкірттеріне, жамағатқа ақ батасын беріп, дұға жасады.  

Бас имам Данияр қажы Рәтбек қажыға орталық мешітке келіп, рухани әңгімесімен бөліскені үшін шексіз алғысын айтты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары