Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қазалыда қайырымды жандар 5 отбасына үй салып жатыр
24 қазан, 2018 жыл 117 Басып шығару нұсқасы

Қызылорда облысы Қазалы ауданында баспанасыз жүргендерге үй салынып жатыр,-деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Асыл-Иман-Ихсан» қоғамдық қоры баспанасыз жүрген отбасыларға үй салып беруде. «Қай қоғамда болсын мәнін де, өзектілігін де жоймайтын бір құндылық бар екені рас. Ол — қайырымдылық. Дүйім жұртшылыққа танымал «Өнер қырандары» театрының мүшелері «Қарекет» қайырымдылық қоры арқылы қаншама жандарға баспана сыйлап, жүрек жылуын тарту еткен қайырымды істер жөнінде әлеуметтік желілерден көп байқаймыз. Десек те, қайырымдылық жасауға жаны құмар, жаратқанның сауабын алу үшін жақсылыққа асығып тұратын жандар ауданда да көптеп кездеседі. Сондықтан, Қазалыда орталық «Жанқожа батыр» мешіті намазхандарымен бастама көтеріп, «Қарекет» қайырымдылық қоры секілді «Асыл-Иман-Ихсан» қоғамдық қорын аштық» дейді аталған Қордың басшысы Сәбит Аралбаев.

Қазіргі күнге дейін қоғамдық қор бір отбасының тұрғын үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жасаса, бір отбасына екі бөлмелі үй салып берген. Бірқатар тұрмысы төмен жандарға азық-түлікпен көмек көрсетіп, баспана мәселесі қиын жандарға қол ұшын беріп үлгерген. Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев бастамамен танысу мақсатында салынып жатқан тұрғын үйге ат басын бұрды. Бұндай игі бастамаға сәттілік тілей отырып, жұмыстың қарқынды жүзеге асырылуына байланысты «Асыл-Иман-Ихсан» қоры, Қазалы ауданының әкімдігі, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен үшжақты меморандумға отыруды ұсынды. Сонымен бірге, жақсылыққа бағытталған жұмыстарға қолдау білдіретінін жеткізді. Сондай-ақ, «Үйі жоқтың күйі де жоқ» демекші, баспана мәселесі әбден тығырыққа тіреген отбасылар үшін Әйтеке би кентінен 5 отбасына арнап шағын баспана салынып жатыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары