Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛАРЫ ЖӘНЕ САЙТ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)
23 қазан, 2018 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

Бүгін еліміздің ақпарат саласында қызмет етіп жүрген баспасөз хатшылары мен сайт жетекшілеріне ақпарат саласын дамыту, жетілдіру мақсатында екі күндік семинар басталды. Семинарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысушыларға сәттілік тілеп:

«Қоғамдағы адамзат атаулыға бауырмал болуды, дұрыс пен бұрысты ажыратып жеткізетін сіздер болғандықтан, оларға рухани серпін бере білуіміз керек. Қоғамда қайшы көзқарастардың орын алмауына өз тарапымыздан септігімізді тигізуіміз тиіс»,- деп сөзін түйіндеді.

Сонымен қатар, ҚМДБ ғаламтормен жұмыс секторының меңгерушісі Мұрат Манапұлы ғаламтор саласы бойынша жұмысты жетілдіруге бағытталған ҚМДБ-ның арнайы тұжырымдамасын таныстырды. Ал, ҚМБД баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы ақпаратты таратудың әдіс-тәсілдері жөнінде бірқатар нұсқамалар берді. 

Семинар соңында көптеген ұсыныстар айтылып, оларды жүзеге асырудың жолдары қарастырылды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары