ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, "Әйелдер-қыздар" секторының ұйымдастыруымен қалалық "Мүбәрак" мешітінде ашық есік күні өтті.
Аталмыш шараға ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілі Болатбек Ұласқанұлы, мешіт имамы Н.Махамбетов, аймақтағы "Әйелдер-қыздар" секторының жетекшісі Л.Сыдықова және де қалалық мешіт ұстаздары мен шәкірттері қатысты.
"Дін және дәстүр сабақтастығы" тақырыбы арқау болған шарада сектор ұстаздары дәстүрлі діни діни ағымдардың зияны мен қоғамға тигізер зардабы туралы әсерлі уағыз айтса, мешіт шәкірттері қазіргі таңда орын алып жатқан орны толмас өкінішті оқиғалар желісінде көріністер қойып, көрерменнің көкейіне ой салды. Кездесу соңы пайғамбарымыздың өмір тарихынан сұрақ жауап сайысына белсене қатысқан жамағатқа естелік сыйлық таратумен аяқталды.
Пікірлер