Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Діни қызметкерлер волейбол ойынында сынға түсті
22 қазан, 2018 жыл 131 Басып шығару нұсқасы

Атырау қалалық ішкі саясат бөлімі мен "Әлеумет Плюс" этно-саяси зерттеулер орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен волейбол ойынынан ашық турнирде Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров "үздік ойыншы" атанды.

Діни бірлестіктер арасында өткен Атырау қалалық ашық турниріне мешіт имамдары, "Шапағат" деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы және орталық "Иманғали" мешіті жанындағы "Иман жастары" еріктілер тобы қатысты. Тартысты өткен бәсекеде бірінші орын Атырау қаласында орналасқан мешіттерде қызмет етіп жүрген имамдар командасына бұйырды. Екінші орынға "Иман жастары" еріктілер тобы табан  тіреді. Үшінші орынға "Шапағат" орталығының ұжымы лайық деп танылды.

Айта кетелік, шараның ашылу рәсімінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров сөз сөйлеп, салауатты өмір салтының маңыздылығын атап  өтті.  "Денсаулық - Алла нәсіп еткен ең ғажап нығметтердің бірі. Сондықтан, аманатқа жауапкершілікпен қарағанымыз абзал" деді Бас имам Батыржан Мансұров.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары