Павлодар облысы, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті қазан айының басталғалы облыс көлеміндегі барлық қала, аудан, ауыл имамдарын арнайы кесте бойынша біліктілігін арттыруға арналған апталық курсына қамтып оқытуда. Оларға Құран, Хадис тәпсірлері, Ақида, Фиқһ мәселелері, ислам тарихы пәндері бойынша облыс-қала мешіттерінің білімді имамдары дәріс берді. Осы аптаның соңында үшінші кезектегі ауыл имамдары апталық курсын тәмамдап оқытушылар алдынан алған білімдерінен сынақ тапсырды.
«Біз бір кезекте 10-12 имам қабылдап бекітілген сабақ жоспары бойынша сабақ өткізудеміз. Олардың апта бойы жатар орны, ас-суын «Мәшһүр Жүсіп» мешіті қанымдайды. Бұл үрдіс биылғы 2018-2019 оқу жылы бойы жалғасын табатын болады. Апталық курске толық үзбей қатысып, дәрістер барысында белсенділік танытқан имамдарға арнай сертификат табысталады»,-дейді өкіл имам Жолдас Қоспақұлы.
Пікірлер