Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Адал астың адам өміріндегі маңызы» туралы  Қордайда сөз болды
22 қазан, 2018 жыл 173 Басып шығару нұсқасы

Қордай аудандық өнеркәсіп және кәсіпкерлікті қолдау бөлімі, аудандық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен  және аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастырыумен «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында «Адал астың адамзат өміріндегі маңызы» атты халал стандарт бойынша семинар өтті. Семинарда арнайы ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Елжанов Əнуарбек Ізімбайұлы дәріс оқыды. Өскелең ұрпақтың адал аспен қоректенудің маңыздылығын ескере отырып семинарға бала-бақша меңгерушілері,  қоғамдық тамақтандыру және азық түлік саудасымен шұғылданған кәсіпкерлер және қасапхана қызметкерлері шақырылды.

Семинар барысында ғылыми дəлел дəйектермен əлемдік халал өндірісінде көш басында келе жатқан мемлекеттердің тəжірибесіне сүйене отырып, ҚМДБ-ның халал стандарты бөлімі дайындаған стандарт таныстырып өтті. Қасапшылықтың маңызын атап өткен Әнуарбек Ізімбайұлы шариғат талаптарына сай мал бауыздаудың тәсілдеріне тоқталып, адам ағзасына берер мол пайдасын түсіндіре кетті.  

Семинарға қатысушылар тарапынан аталмыш тақырып қызығушылық тудырып, сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға маман тарапынан нақты жауаптар берілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары