Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ МАЛАЙЗИЯ ЕЛШІСІМЕН ХАЛАЛ СТАНДАРТ МƏСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)
22 қазан, 2018 жыл 91 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада мүфтияттың Бас кеңсесінде Малайзияның еліміздегі Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Саид Мохамад Бакри Бин Саид Абдул Рахман бастаған біртоп делегацияны қабылдады.

Екіжақты кездесуге Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі Ерлан Әлімжанұлы, ҚМДБ төраға орынбасары Бауыржан Əбдірашұлы, ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Әліпбекұлы қатысты.

Басқосуда Бас мүфти мен мəртебелі мейман - Саид Мохамад Бакри Бин Саид Абдул Рахман еліміздегі халал стандарттау саласының бүгіні мен болашағы жайлы пікір алысты. Елші бұл бағытта мүфтиятқа Малайзия тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Сонымен қатар екіжақты кездесуде тараптар осы салада өзара тəжірибе алмасуға уағдаластық жасады.

Кездесу соңында Серікбай қажы Ораз қонақтарға "Ұлы дала төсіндегі Ислам" атты кітабын сыйға тартты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары