Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарак университеті мен «Асыл арна» телеарнасы арасында ортақ жобалар талқыланды
19 қазан, 2018 жыл 117 Басып шығару нұсқасы

Елімізде имандылық пен отбасылық құндылықтар және тағылымды жобаларымен белгілі «Асыл арна» телеарнасының басшылығы Нұр-Мүбарак университетіне ат басын тіреді. Құрметті қонақтарды алғаш қабылдаған университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев:

"Елімізде, тіпті Орталық Азияда исламтану саласында жалғыз халықаралық университет Нұр-Мүбарак болса, елге дінімізді, имандылықты насихаттап жүрген жалғыз телеарна «Асыл арна» екенін білеміз. Сондықтан сіздермен етене араласуға қашанда дайынбыз. Біздің оқу ордада ислам әлемінің Гарварды әйгілі әл-Азһар университетінің 18 профессоры сабақ береді. Бұл Нұр-Мүбарак университетінің халықаралық деңгейдегі дәрежесін көрсетеді. Болашақта дінге мұқтаждық көбеймесе, азаймайды. Сондықтан ел мен дін игілігі үшін жақсы сапалы мамандар даярлауда сіздермен бірлесіп қызмет етуге әзірміз",-деді.

Ал белгілі қоғам қайраткері, телеарна директоры Мұхамеджан Тазабеков:

«Нұр-Мүбарак университетіне, мешітке ұдайы келіп тұрсақ та, басшылықпен ресми жүздесу алғаш рет. Біз де сіздермен білім жолында, ел игілігі үшін қызметке әзірміз. Біздің ұжым да имандылық жайлы ғалымдар мен өскелең жастардың өнегелі өмірін насихаттауға дайын. Сондықтан екіжақты келісім жасалып, сіздерде де жеке студия ашылуына тәжірибемізбен барынша бөлісе аламыз», - деді.

Оқу орнының игі қонақтары «Асыл арна» директоры Мұхамеджан Тазабеков пен атқарушы директор Артықбек Болғанбаев мырзаларды ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди қабылдап, телеарнаның жұмыстары жайлы хабардар болып, ризалығын білдірді.

Кездесу нәтижесінде біршама жобалар талқыланды. Яғни Нұр-Мүбарак университеті мен «Асыл арна» телеарнасы арасындағы байланыс бірнеше кезеңге бөлінбек. Әуелі екіжақты меморандум жасалып, телеарна өкілдері студенттермен кездесіп өз өнімдерін көрсетпек. Әр апта сайын университеттің тыныс-тіршілігі мен ислам білімін қамтитын шағын бағдарламар жасау, университет жанынан шағын студия ашып, қызметкерлерді ТВ саласының қыр-сырын үйрету үшін коучингтік тренингтер өткізу т.б. жобалар талқыланды.

Келелі кездесу барысында қос тарап бір-біріне ризалышықтарын білдіріп, естелік суретке түсті.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары