Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атырау: БАС МҮФТИ КЕҢЕСШІСІ МЕШІТТЕРМЕН ТАНЫСТЫ
19 қазан, 2018 жыл 116 Басып шығару нұсқасы

Мұнайлы мекенге кезекті жұмыс сапарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың кеңесшісі Алсабеков Мұхаммед-Хусейн қажы Османұлы келді.

Мәртебелі мейман орталық «Иманғали» мешітіне арнайы келіп, құлшылық үйінің тыныс-тіршілігімен танысты. Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Бас мүфти кеңесшісі Мұхаммед-Хусейн қажы Османұлына аймақтағы діни ахуал, мешіттердегі жұмыс тәртібінің ұйымдастырылуы, жамағатпен арадағы байланыс, уағыз тақырыптарын таңдау және өзге де өзекті мәселелер бойынша баяндады.

Сапар аясында мүфтият төрағасының кеңесшісі Мұхаммед-Хусейн қажы Османұлы Атырау қалалық Құспан молла мешітіне арнайы барып, онда бесін уағызын жүргізді. Жергілікті жамағатқа Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың сәлемін жеткізген ұстаз бір мәзһабта жүрудің маңыздылығы, исламдағы неке қию тәртібіне тоқталды.

«Қазіргі уақытта еліміздегі мұсылман үмбетін біріктіру үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты барлық мешіттер ислам құндылықтарын Әбу Ханифа мәзһабының негізінде уағыздауда. Бұл өткен ХХ ғасырда үзілген тарихи-рухани жолымыздың заңды жалғасы болмақ. Имам ағзам Әбу Ханифа бүгінгі күнге дейін ислам әлеміндегі ең танымал фиқһ ғалымы, яғни мұсылман ойшылы болып саналады. Ислам негіздерін күнделікті тіршілікке бейімдеуде Әбу Ханифадан озған адам жоқ, өйткені ол Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз көзін көрген сахабалардан кейінгі олардың ізбасарлары, яғни табиғиндер заманында өмір сүрген. Және ол бүкіл рухани күш-жігерін, ақыл-парасатын мұсылмандар арасындағы ауызбіршілікке жұмсады. Бәлкім сондықтан болар, дүние жүзіндегі әрбір төрт мұсылманның үшеуі діни мәселелерді ханафи мәзһабымен шешуге дағдыланған» деген ұстаз Мұхаммед-Хусейн қажы Османұлы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «біздің ата-бабаларымыз және туыстас түркі тілдес халықтар ешқашан діни үстемділік мінезімен ерекшеленбеген және басқа халықтардың рухани бостандығына құрметпен қараған. Бұл — тарих тағылымы» деген сөзін атап өтті.

Бесін уағызы кезінде мүфтият төрағасының кеңесшісі Мұхаммед-Хусейн қажы Османұлы ислам дініндегі некенің маңызына тоқталды. Асылында, неке ең алдымен отбасы, шаңырақтың болашағы, ұрпақ жалғастығы жолындағы жауапкершілік.

«Шариғатымызда некенің бірнеше шарттары бар. Ең алдымен,  ерлі-зайыптының осы некеге, бір-біріне ризашылығын білдіруі. Яғни ер-азамат пен әйел адам «маған тұрмысқа шығасың ба?», «саған тұрмысқа шығуға келісемін» сынды сөздерді айтып, өзара бұл некеге ризашылығын білдіруі тиіс. Екінші шарты: неке қиылу кезінде кемінде екі куәгер болуы қажет. Үшінші шарты: қызға сұраған сыйлығын беру. Шариғатта ол «мәһір» деп аталады. Ата-ананың разылығы өте маңызды мәселе. Яғни, қыз балалар тұрмысқа шыққанда ата-ана міндетті түрде осы неке туралы білуі, осы некеге ризашылығын білдіруі, яғни неке қиыларда сол жерде ата-ананың да болуы маңызды» деп атап өтті ұстаз өз уағызында.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары