Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жүлдесі үшін қазақ күресінен V республикалық турнирге Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастырумен палуандар арасында іріктеу сайысы өтті.
Қаладағы «Жастар» сарайында өткен белдесуге қала және аудандардан 15 кәсіпқой палуан қатысып, 90 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Сайысты тамашалауға мешіт имамдарымен мешіт жамағаты қатысты. СҚО бойынша өкіл имамы, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы палуандарға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен жарыс нәтижесінде І орын алған Қалықов Ғизат пен ІІ орын иегері Нургожин Даурен Астанада өтетін қазақ күресінің V Республикалық турниріне жолдама алды. Ал, үшінші орын алған Еслямов Дауренге ақшалай сыйлық және сертификат табысталды.
Пікірлер