Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде «Рухани келісім күніне» орай еліміздің дамуы мен бейбітшілігіне кепіл болған толеранттылық, төзімділіктің қыр-сыры туралы жан-жақты талқыланды.
Университеттің дінтану мамандығының 1-курс магистранттары ұйымдастырған «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Діни тұрақтылық – мемлекеттің басты тірегі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге ғалымдар, ғылым ізденушілер қатысып пікірлерін ортаға салды. Университет проректоры, профессор Қайрат Құрманбаев:
Ал ҚР БҒМ ҒК философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы әрі доценті Бақытжан Сатершинов діндер тарихындағы қанды оқиғаларды мысалға ала отырып, дінге саясат араласқанда қақтығыстардың орын алуы заңдылық екендігіне тоқталды.
Дінтану кафедрасының меңгерушісі, доцент Қалмахан Ержан магистранттардың баяндамасына қатысты пікірін білдіріп, болашақта ғылыми ізденістерге жетістіктер тіледі.
Қатысушы ғалымдар мен магистранттар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, дөңгелек үстелге өте жоғары баға берді.
Пікірлер