ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» корпоративтік қоры Алматы қаласында түрлі қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып келеді. Бүгінгі кезекте «Зекет» корпоративтік қорының үйлестіруші мамандарының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы қарилар дайындайтын «Көктебе» медресесін көкөністермен қамтамасыз етті. Түркісіб ауданына қарасты базардағы қайырымды жандардың ат салысуымен жасалған қайырымдылық медресе тарапынан алғысқа ие болды.
Сонымен қатар, қорға келіп түскен өтініш иелеріне, көп балалы жанұяларға, жәрдем сұрай келген жағдайы төмен 20 отбасыға Алматы қаласындағы «Арзан» киім-кешек орталығының ат салысуымен қажетті киім-кешек үлестірді.
Пікірлер